"Адалдық сағаты" өтті
Елімізде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бірқатар жобалар жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі «Адалдық сағаты» жобасы.
Бүгін жалпыреспубликалық бірыңғай "Адалдық сағатында" ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша ДепартаментІнің өкілдері сайрамдық жастармен кездесті. Мақсат - өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденеиетті қалыптастыру, жастарды адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Кездесу барысында мамандар мектеп оқушыларына лекция оқып, жең ұшына жалғасқан жемқорлықтың түбі қорлық екенін түсіндірді. қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға баса назар аударылды. Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.
Жиында аудан әкімі Бақтияр Мамаев баяндама жасап, оқушыларды адал, парасатты болуға шақырды.