Тұрғындардың өтініші елеусіз қалмады
Әкім мен халық бірін-бірі түсінісіп, бір-біріне жақын болса қай тірлік болса да өнері сөзсіз. Осы орайда Түлкібас ауданында жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені аудан әкімі Н.Тұрашбеков назардан тыс қалдырған емес. Әрбір өтінішке кірісіп, мәселені шешіп беруде.
Мәселен, аудан әкімінің Балықты ауылдық округі тұрғындарының алдында 2018 жылдың қорытындысымен есеп беру барысында, округ орталығындағы Коморов және Пушкин көшелерінің тұрғындары көшені жөндеу мәселесін көтеріп, өтініші білдірген болатын.
Бүгінгі таңда тұрғындардың өтініші толығымен қанағаттандырылды. Жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын екі көшеге бүгінгі таңда аудандық бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Коморов көшесінің ескірген электржелі бағаналары толығымен ауыстырылды.
Аталмыш көшелердің тұрғындарының айтуынша, бұл көшелер ауылдың көркін ашып қана қоймай, жауын-шашынды күндері жүріп-тұруына өте қолайлы болғанын, ең бастысы балалар мектепке батпаққа батпай жететін айтып, қуануда. Ауыл тұрғындары халықтың өтінішіне құлақ түрген аудан басшылығына алғыстарын айтуда.