Қазақ боксының ақыл-ойы
23-01-2024
Бокс федерациясының бүгінгі отырысында Тимур Құлыбаев өзінің қызметтен кететінін мәлімдеген болатын. Ал орнына белгілі қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
«Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретінде бокстың дамуына үлесімді қоса беремін. Алда қойған міндеттерді орындап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін. Өз орныма Кеңес Рақышевты ұсынамын», - деді Тимур Құлыбаев елордада өткен Қазақстан бокс федерациясының отырысында.
Федерация мүшелерінің барлығы бірауыздан Кеңес Рақышевтың Қазақстан бокс федерациясы басшылығына келуіне дауыс берді.
Отырыс барысында 2009 жылдан бері Қазақстан бокс федерациясын басқарып келе жатқан Тимур Құлыбаевқа «Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті» атағы берілді