Айсұлтан Назарбаев: «Сын айту – «кәсіби оппозиционер» болуды білдірмейді»
Биыл 28 ақпан күні Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және Ұлттық Қауымдастықтарымен байланыс бойынша вице-президент міндетін атқарушы қызметіне Айсұлтан Назарбаев тағайындалды", - делінген ҚФФ баспасөз хабарламасында. Естеріңізде болса, Айсұлтан Назарбаев осыған дейін бұрынғы ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановқа көңілі томайтынын әлеуметтік желідегі парақшасында жиі білдіріп отыратын. Ақыры, ол қызметінен кетіп тынды. Оның орнына вице-президенті Сейілдә Байшақов президент болып тағайындалды. Міне, енді Айсұлтан Рахатұлы Сейілдә мырзаның орынбасары. Бұл қызметі туралы Айсұлтан фейсбуктегі парақшасында:
ҚФФ-ның алдыңғы басшылығына қатысты қатаң ұстанымымды барлығыңыз білесіздер. Айтқан сындарымның бірде-бір сөзін қайтарып алмаймын. Пікірімнің басты мақсаты - футболымыздың өңделу механизмін жасау. Қазақстандық футболды, өміріміздің басқа жақтарын қаншалықты өзгертуге күшіміз жетеді? Сын айту "кәсіби оппозиционер" болуды білдірмейтінін жақсы білемін. Ұлттық футболға оппозиция емеспін! Сондықтан жаңа адамдар маған қол ұшын созып, бірге болуды сұрағанда оған атүсті қарамадым. ҚФФ-ның жаңа басшылығымен кездестік. Ашық әңгімелестік. Істі жете түсініп, пайда болған және жиналып қалған проблемалардың бастан асатынын түсінетін адамдардың сөзін тыңдағаннан кейін шешім өзі жасалды.
Бірігуіміз керек, сондықтан алға қойған міндеттерді орындаймын. Жеке басымның қалауына қарамастан. Бүгінгі шешімімде жеке бас шаруам жоқ. ҚФФ жетекшісі емеспін, стратегияны анықтамаймын, федерацияның жұмысындағы негізгі бағыттарға әсер ете алмаймын.
Сондықтан жаңа адамдар маған қол ұшын созып, бірге болуды сұрағанда оған атүсті қарамадым. ҚФФ-ның жаңа басшылығымен кездестік. Ашық әңгімелестік. Істі жете түсініп, пайда болған және жиналып қалған проблемалардың бастан асатынын түсінетін адамдардың сөзін тыңдағаннан кейін шешім өзі жасалды, - деп жазды.
«Рейтинг» газетінде бұған дейін жазғанымыздай, Айсұлтан түбінде ҚФФ басшысы болады. Бұл туралы Қазақстан кәсіби футбол лигасының бұрынғы басшысы Михаил Гурман айтып еді. Осы сөз жай-жай шындыққа айналып келеді. Әрине, бәріне уақыт төреші.
Және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын ресейлік маман Александр Бородюк жаттықтыратын болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми түрде хабарлады.
Қазақстандық футболшыларды бұған дейін Талғат Байсуфинов жаттықтырып келген еді. Енді ол ҚФФ техникалық директоры лауазымы қызметін атқаратын болады.
Александр Бородюк мырзаның Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін екені 2013 жылдан бері айтылып келді. Ақыры жақында екі тарап келісімге келіп, ресейлік маман Қазақстан құрамасын жаттықтыратын болды.
Александр үшін қазақ футболы таңсық емес. Ол 2015 жылдың желтоқсан айында Алматының «Қайрат» клубына жаттықтырушы болып тағайындалды. Алайда 2016 жылғы маусымда алматылық команданың алғашқы ойындары сәтсіз басталды. Төрт турдан кейін жаттықтырушы өз қызметінен кетті. Ол командамен ҚР Суперкубогын жеңіп алды. Одан кейін жаттықтырушылық қызметте болған жоқ.
Сонымен, Федерацияның жаттықтырушылар кеңесі оның ұлттық құрамалармен жұмыс тәжірибесінің молдығы мен қазақ футболына жақындығын ескере отырып, осы қызметке шақырған. Және тағы бір себеп - оның біздің құрамамен жұмыс істеуге деген ықыласы болыпты. Сондықтан да, Бородюк бірқатар ұлттық құрамалар мен өзге елдердің футбол ұйымдарының ұсыныстарынан бас тартқан.
Әзірге келісімшарт үш жылға есептелді. Жаңа жаттықтырушыға жергілікті жас таланттарды таныту, құраманы жасарту міндеті жүктеліп отыр.
Айта кетейік, 55 жастағы маман бір жылдары «Крылья Советов», «Торпедо», секілді клубтар мен Ресейдің жастар құрамасында бас жаттықтырушы қызметін атқарған. Сондай-ақ Ресей ұлттық құрамасының да қосалқы бапкерлері қызметін атқарған. Гус Хиддинк пен Дик Адвокаттың көмекшісі болған.
Мұрағаттан, 2017 ж