Мемлекеттік сатып алуда стандарттар көрсетілмей, заң бұзушылық орын алған

Oinet.kz 13-03-2026

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысының білім басқармасының "№3 арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2026 жылдың қаңтар айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жариялаған №16098396 -1 мемлекеттік сатып алуы бойынша камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының" (бұдан әрі – Қағида)  411-тармағына сәйкес, тапсырыс берушілер ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды көрсете отырып, техникалық ерекшелікті әзірлейді. Ұлттық және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде мемлекеттік сатып алуды нормалауды ескере отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетіледі.

Бұл ретте сатып алынатын тауарлардың қысқаша сипаттамасында жеткізілетін тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттардың ережелерінде немесе Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну туралы өнім берушілерге қойылатын талап қамтылады, - делінген.

Алайда, камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысының білім басқармасының "№3 арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қағиданың 411-тармағының талаптары сақталмағаны анықталды.

Атап айтқанда, тапсырыс беруші техникалық ерекшелікте ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеген.

Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысының білім басқармасының "№3 арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.

               Түркістан облысы облысы бойынша

        Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

                                                                                  жетекші маманы  А.Нүрмахан

Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу талаптарының бұзылуы анықталды
Аудит нәтижесі: әкімдік аппараты сатып алу қағидаларын сақтамаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу