Қазақстанда әрбір 3-ші некенің бірі қайта бұзылған

Oinet.kz 26-02-2026

Елімізде отбасы институты соңғы ширек ғасырдағы ең күрделі дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2025 жылы некелесу коэфициенті 5,62-ні көрсетіп, рекордтық деңгейде төмендеген, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Қазіргі таңда қазақстандықтар отбасын құруды саналы түрде кейінге шегеруді қалыпты үрдіс ретінде қабылдайды. 2024 жылғы мәлімет бойынша, ерлер орта есеппен 28 жасқа таяп барып үйленсе, қыздар 25 жастан асып барып тұрмысқа шығады.

2025 жылы Қазақстанда барлығы 114 504 неке тіркелген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 7%-ға азайғанын көрсетеді. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2013 жылы бұл көрсеткіш 160 мыңнан асқан.

Елімізде неке саны азайғанымен қоймай, ажырасу көрсеткіші де өсіп барады:

• 2024 жылы: 40 747 ажырасу

• 2025 жылы: 45 493 ажырасу

Яғни, бір жылдың ішінде ажырасу 11,6%-ға артқан. Бұл дегеніміз – елімізде құрылған әрбір 3-ші некенің біреуі қайта тарайды деген сөз. Әсіресе, желтоқсан айында 4 584 жұп ажырасып, рекордтық көрсеткішке жеткен.

Қыз зорлағаны үшін сотталған Талдықорған полициясының экс-басшысы қызметтік пәтерге таласуда
Қазақстаннан пана сұрағандар көбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу