«Алтын Орда»-ның экс иесі Назарбаевтан 15 миллиард теңге талап етті

Oinet.kz 15-02-2026

Алматыдағы "Алтын Орда" базарының бұрынғы иесі Айдарбек Құсайынов Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені, Болат Назарбаевтың ұлы Нұрбол Назарбаевты сотқа беріп, 15 млрд теңгеден астам қаражат өндіріп алуды талап етті. Бұл туралы  Оinet.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Талап арыз Алматыдағы Алтын Орда базарына қатысты берілген. Құсайынов жауапкерді негізсіз баюға жол берді деп есептеп, одан 15 млрд 171 млн теңге өндіруді сұрап отыр.

Сот материалдарына сәйкес, іс «негізсіз баю сомасын өндіріп алу» туралы тіркелген. Іс қаралу кезеңінде сот талап сомасы көлемінде Нұрбол Назарбаевтың банктік шоттары мен жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне қамақ салу туралы шешім шығарған. Бұл шара болашақта сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Құсайынов 2013 жылға дейін базарға иелік еткен Kurylys LTD компаниясының 39 пайыз үлесіне ие болған. Сол жылы компания төңірегінде Серік Апсапаров бастаған топ пайда болып, базарды Болат Назарбаевтың атына рәсімдеуге әрекет жасағаны айтылған. Нәтижесінде басқа акционерлердің 60 пайыз үлесі Назарбаевқа өткен, ал Құсайынов өз үлесін нарықтық бағасынан әлдеқайда төмен – 1,3 млн долларға сатуға мәжбүр болғаны көрсетілген.

Кейін Апсапаров рейдерлік бойынша кінәсін мойындап, шартты жаза алған. 2022 жылғы Қаңтар оқиғаларынан кейін базар төңірегіндегі мәселелер қайта көтеріліп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев онда тәртіп орнатуды тапсырған.

Бұған дейін Құсайынов бірнеше рет сотқа жүгініп, үлесін қайтаруды және өтемақы өндіруді талап еткен. Алайда сот талаптарды дәлелсіз және талап қою мерзімі өтіп кеткен деп танып, қанағаттандырудан бас тартқан.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа талап арыз Құсайыновтың өтемақыны енді Нұрбол Назарбаевтан өндіріп алуға бағытталған әрекеті болуы мүмкін.

Шетелге бала сатқан жоқ. Экс-депутат Сара Назарбаева туралы пікір білдірді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу