«Баласын өзі жарақаттап алған»: Сотталушы Шынасылдың адвокаты Шерзаттың өліміне әкесін кінәлады

Oinet.kz 02-06-2025 413

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сотта айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұман Әбенов марқұмды пышақпен жарақаттаған оның туған әкесі – Қаржаубай Нұрымов болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_7.jpg

Жұман Әбеновтың айтуынша, қорғауындағы адамның кінәсін дәлелдейтін бірде-бір сараптама жоқ.

"Қан іздері болмаған. Оған ұқсайтын пышақтар көп. Нақты сол пышақ екенін дәлелдеу керек еді. Алайда пышақтан қан табылған жоқ. Тек бір адамның ДНҚ-сы шықты. Бірақ бұл пышақ Шерзаттың жарақатына сәйкес келмейді. Шерзаттың киімі сараптамаға алынды. Сараптама сол пышақтың киім арқылы қолданылғанын анықтауы керек еді. Жәбірленушінің қолында бір пышақ болды, ал сараптамаға асханалық пышақ өткізілді. Неліктен олар дәл сол пышақты жасырып қалды?  Мүмкін, абайсызда Шерзаттың әкесі – Қаржаубай Нұрымов – баласын өзі жарақаттап алған шығар? Неліктен бұл нұсқаны қарастырмаймыз? Мүмкін, сондықтан пышақты жасырып қойған шығар? Бұл пышақ бойынша ешқандай сараптама жүргізілген жоқ. Олар оны неге жасырды?", – деді адвокат.

Ол тағы да қорғауындағы адамға тағылған "Адам өлтіру" бабымен емес, басқа бап бойынша сот үкімін шығару керек екенін айтты. Ол Абзал Шынасылды бұл бап бойынша ақтауды сұрады.

"Егер кім ең шыншыл десе, Шынасыл – 100% шындықты айтты. Ол достарының сөзіне сенді, “Мен кінәні өз мойныма ала аламын” деп ойлады. Бұл – оның жалғыз қатесі. Енді прокурор оған ең ауыр жаза сұрап отыр", – деді қорғаушы.

Айта кетейік, бұған дейін Сот отырысында айыпталушы Дидар Қалиахметтің адвокаты Шерзат пен оның туыстарын соттауды сұраған еді. 

«Табытын көтеріп президент әкімшілігінің алдына барамыз»: Марқұм Ақнәрдің анасы сұқбат берді
Заң біреу, төрелік екеу. Бірдей қылмыстық іске әртүрлі үкім шығару қай сасқандық?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу