Тоқаев БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін сынға алды

Oinet.kz 30-05-2025 76

 fdc4410c-6180-479c-8ea2-4fffa01ea7cf.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында әлемдік тәртіп тақырыбына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Al Jazeera: Бүгіндері Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. Бұл Қазақстанның орта державалар халықаралық көпжақты жүйені қолдауда үлкен рөл атқаруы тиіс деп санайтынын білдіре ме?

— Әлбетте. Жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде орта державалар үлкен рөл атқаруы тиіс екеніне және мультилатерализмнің маңызына анық сенемін.

Al Jazeera: Президент мырза, кейде ұлы державалар мультилатерализм жүйесін бұзуы мүмкін деп санайсыз ба? Кей кездері біз «Ең алдымен Америка» деген ұстаным туралы, көпжақты тетіктер емес екіжақты қатынастардың маңызы жайында сөз қозғайтын кейбір ұлы державалардың мәлімдемелерін естіп жатамыз.

— Иә, мұндай жағдай байқалады әрі мультилатерализм жүйесі әлсіреп барады. Өзіңіз де білесіз, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дағдарысқа ұшырауда. Оның билігі де, негізгі халықаралық проблемаларды шешуге ниеті де жоқ.

Al Jazeera: Бұл әлемге қауіп пе?

— Әрине, бұл үлкен сын-қатер. Сол себепті Қазақстан секілді орта державалар негізгі халықаралық проблемаларды шешуде және реттеуде маңызды рөл атқаруы тиіс деп санаймын. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалауды қолдайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғанда оған 51 мемлекет мүше болған еді. Ал қазір Ұйымның 193 мүшесі бар.

 

 


Назарбаев пен Путин не үшін кездесті?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу