Назарбаев пен Путин не үшін кездесті?
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу Мәскеуде өткен. Олардың не үшін кездескені, екіарада қандай әңгімелердің болғаны жөнінде ақпарат жоқ.
«Президент Владимир Путин Мәскеуге келген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Кремльде кездесті», – деді Путиннің баспасөз хатшысы Песков РИА Новости агенттігіне.
Кремль Назарбаев пен Путиннің қол алысып, құшақтасып көріскен видеосын жариялаған.
Соңғы мәрте Назарбаев пен Путин былтыр желтоқсанда Ново-Огаревада кездескен болатын.