Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Oinet.kz 12-05-2025 208

Сара Назарбаева қазір президент әкімшілігіндегі медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме тастап.

Screenshot_1.jpg

5 мамырда Сара Назарбаеваның ауыр халде жатқаны туралы ақпарат тараған еді. 

“Барлық медициналық шаралар бекітілген медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкес және білікті мамандардың бақылауында жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Ұлттық госпиталь. 

Сонымен қатар медициналық мекеме әкімшілігі қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, пациенттің диагнозы, денсаулық жағдайы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы мәліметтер медициналық құпия екенін атап өтті. Науқастың денсаулық жағдайы тек пациенттің өзі келісім берген жағдайда немесе заңда көзделген өзге де негіздер бойынша ғана жарияланады.

“Сондай-ақ медициналық этика қағидаттары мен кәсіби жауапкершілікке сәйкес, медициналық ұйымдар жеке медициналық деректермен жұмыс істеу кезінде оны құпия сақтауға міндетті. Ақпаратты жария етпеу туралы шешім тек науқастың өз мүддесіне сай, оның жеке өміріне құрмет көрсету, құпиялық құқығын қамтамасыз ету және емдеу процесіне араласудан қорғау мақсатында қабылданды", – деп мәлімдеді медициналық мекеме.

Зеленский: Адам өлтіруді созудың мәні жоқ
Руслан Берденов ауруханадан шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу