Шырақшыларға талап күшейеді

Oinet.kz 21-02-2025 65

Ақбура-Ата-әулие-кесенесі-300x200.jpg 

Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Киелі орындарында көрсетілетін діни рәсімдер» және «Жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зиярат орындарында қызмет көрсететін шырақшылардың қызмет сапасы мен біліктілігін арттыру мақсатында өткен жиында шырақшыларға қойылатын талаптар күшейтілетіні талқыланып, киелі орындардың айналасын таза ұстап, зияратшыларға қолайлы жағдай жасау керектігі айтылды.

Іс-шараға облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мен басқарма қызметкерлері, мәдениет және туризм басқармаларының орынбасары мен бөлім басшылары, қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ҚМДБ-ның өкілдері, Түркістан облысы аумағындағы зиярат орындарында қызмет ететін шырақшылар, «Халықаралық туризм және меймандостық» университетінің вице-ректоры, БАҚ өкілдері қатысты.

 


Жұмашевтің ісі Шымкенттің сотында қаралуда
Перизат Қайраттың тағы бір былығы ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу