Шымкентте шенеуніктер кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқан

Oinet.kz 23-12-2024 37

 b18b3dd3a973b5fe887c0480345c8216_1615524944.jpg 

  Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы талдау барысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісін анықтады.   Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Қадағалау актісі бойынша салық органының кәсіпкерлік субъектісінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жойды.   Салық органының қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабымен (Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған қысқартылған тәртіппен 184 600 теңге айыппұл салынды.   Инкассалық өкімнің күші жойылып, кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді, оған 7,3 млн теңге қайтарылды.   Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.


Шымкентте екі балабақша құрылтайшысына үкім шықты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу