Түркістан облысында сұйытылған газ көлемі әділетсіз бөлінген

Oinet.kz 28-10-2024 357

Screenshot_3.png 

Түркістан облысының прокурорлары сұйытылған газдың сатуын қамтамасыз ететін кәсіпкерлерге газдың біркелкі бөлінбеу фактілерін анықтады.

--Прокурорлық тексерумен жергілікті атқарушы органның жеткізушілер арасында сұйытылған газ көлемін бөлу кезінде жасанды түрде төмендету және өтінімдерді қабылдау кезіндегі қағидалармен бекітілген мерзімдер мен талаптарды бұзу түріндегі бәсекелестікке қарсы әрекеттері анықталған.  Прокурорлық қадағалау актілерін қарау нәтижелерімен жаңа Комиссия құрылып, оның бастамасымен сұйытылған газдың объективті бөлінуі, құқықтары бұзылған 44 кәсіпкердің сұйытылған газ көлемдерін қалпына келтіруі және жасанды тапшылық пен газ бағасын көтермеу бағытындағы жұмыстарды алдын алу шаралары жасалды. Сонымен қатар, аталған заң бұзушылықтарға жол берген Энергетика басқармасының басшысы Комиссия құрамынан шығарылып, тәртіптік («қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі) және әкімшілік жауаптылыққа (ӘҚБтК-нің 163-бабының 1-бөлігімен (бәсекелестікке қарсы әрекеттер) 2,2 млн теңге айыппұл төленген) тартылған,--делінген Түркістан облыстық прокуратурасының таратқан мәліметінде.


Сыздықбековтің қанша «сенім кредиті» бар?
Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу