Жерлес журналистердің мерейі тасыған күн!
ҚҰЛБЕК ЕРГӨБЕК --МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚТЫҢ, ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ--"БАРЫС", АЙГҮЛ ҚАПБАРОВА--"ҚҰРМЕТ" ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ
Тәуелсіз Қазақстанның ең басты мерекесі Республика күні қарсаңында еліміздің дамуына ерекше үлес қосқан бір топ азаматтар Президенттің Жарлығымен мемлекеттік марапаттарға ие болды. Солардың арасында уақтысында бұқаралық ақпарат саласында тер төккен, ғалымдар, Парламент депутаттары да бар.
Белгілі ғалым, әдебиет зерттеушісі, кезінде республикалық басылымдарда еңбек еткен Құлбек Ергөбек Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Ғалымға бұл сыйлық «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін берілді.
Сенат депутаты, Халықаралық Түркі академиясының президенті, еңбек жолында «Егемен Қазақстан» басылымының басқарма төрағасы, Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметтерін атқарған Дархан Қыдырәлі «Барыс» орденімен марапатталды.
Ал Сенатқа Шымкент қаласынан екінші қайтара сайланған Айгүл Қапбарова «Құрмет» орденіне ие болды. Айгүл Қапбарова белгілі журналист, еңбек жолында «Қазақстан-Шымкент», телеарнасында, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеген, «Шымкент келбеті», «Панорма Шымкента» газеттерінде бас директор лауазымын атқарған.
Әріптестерге марапат құтты болсын дейміз!