Оңтүстiкте намазды әркiм әртүрлi оқығалы қаша-а-а-н...

Oinet.kz 10-07-2019 1018

Screenshot_16.jpg

Ақтөбе мен Алматыдағы қанды қырғын терактi деп бағаланғалы терiс ағымдарға қатысты тәртiп қа¬таятын шығар деген үмiттемiз. Оқиғаның қызуы басылған соң бәрiн сол бәз-баяғы қалпына түсiрiп алатын әдетiмiз әлi қалмаған. Әйтпесе Шұбарши мен Кеңқияқтағы оқиғаларды былай қойғанда, Тараздағы терактiде жалғыз өзi жетi адамды жайратып сал¬ған Қариевтiң лаңы жеткiлiктi сабақ едi ғой бiзге.

Жақында Шымкенттiң полицей¬лерi тапа-тал түсте дүрлiктi де қалды. Бәрiне “кiнәлi” әлеуметтiк желi. “Ойбай, не дейсiң, Шымкент¬тегi “Гарант” дүкенiнде сотканы алып-сататындар өңшең сақалдылар көрiнедi. Олар сатқан ұялы телефондарына өздерiнiң уағыздарын жүктеп жiбередi екен” деген әңгiменi сайттардың сәл-пәл дабырайтып жiбергенi бар. Сонымен, не керек, Шымкент қаласындағы жер¬гiлiктi полицияның басшысы Данияр Мейiрхан әкiмдiктiң бiр топ қызметкерiмен “Гаранттың” алдына сау ете қалады. Полицейлер мен шенеунiктер сол жердегi сақалдыларға түсiндiру жұмыстарын жүр¬гiзедi. Экстремис¬тiк сипаттағы уағыздарды ұялы телефонға жүктеп беруге болмайтынын ескертедi. Терроризмге қарсы күрес шарасы осылайша у-шусыз, сәттi аяқталып, артынша бәрi тарап кеттi. Бәлкiм, әлеуметтiк желiдегi әңгiмелердi ескерiп, дер кезiнде шара қолдану да полиция үшiн әжептәуiр абырой шығар. Алайда полиция салафит¬тердiң не бүлдiрiп жүргенiн әлеу¬меттiк желiден бiлiп отыр деу ақылға қона ма? Сонда бүкiл ел бiлетiндi полицейлер неге бiлмей¬дi? Бiлсе, баяғыдан берi қайда жүр?

Қайсыбiр жолы белгiлi дiнтану¬шы Досай Кенжетай ақпарат құралдарына берген сұхбатында Шым¬кенттi салафиттердiң орталығы деп атады. Сол-ақ екен, жергiлiктi имамдар шу ете қалды. Шымкентте өткен имамдардың форумында облыстың найб-имамы Амантай Садиев салафизмдi уағыздаушылардың көпшiлiгiнiң оңтүстiктен шыққанын мойындай отырып, Досай Кенжетайдың пiкiрiмен келiспейтi¬нiн бiлдiрдi. Оның ойынша сала¬фиттiк идеологияның шоғырланған жерi Ақтөбе, Атырау, Ақтау екен. “Ал Шымкентте ол аздау” дейдi найб-имам. Әйтеуiр, жақын арада Шымкентте бiреу-мiреу бомба жарып қойып, имамдардың масқарасын шығармаса екен деп тiлеймiз. Құдай бетiн аулақ қылсын, әрине, дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Кейде аздың да зор шығатынын ұмытпайық.

Оңтүстiк Қазақстан облысы – республикада халқы ең көп әрi ең тығыз қоныстанған аймақ. Орталық Азия елдерiмен бiте қайнасып жатыр. Өзбекстанмен ауылы аралас, қойы қоралас болып кеткен елдi мекендер көп. Кейбiр ақпараттарға қарағанда радикалды дiни ағымдар алғаш рет сол Өзбекстаннан келген. Шетелдiк эмиссарлардың Оң¬түстiкте әжептәуiр жұмыс iстегенiн жоққа шығаруға болмайды. Бәлкiм, имамдар ұмытып қалған шығар, бiраз нәрселердi еске түсiрiп жiберейiк.

“Хиз-ут-Тахрир” дiни партиясының идеологиясын насихаттағаны үшiн сотталған алғашқы қазақстандық кентаулық азамат екенiн қазiр бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi. Осыдан он шақты жыл бұрын Шымкентте 13 адамнан тұратын террорлық топ тұтқындалды. Шетелден қаржыландырған әлгi топ институтты жаңа бiтiрген өңшең жас жiгiттерден тұрған. Араб елдерiнен келген қаржыға олар қару-жарақ сатып алып, қалаға жақын жердегi полигонда атысып жаттыққан. 1 мамырда Оңтүстiкке президент Н.Назар¬баев келетiн күнi олар Шымкенттiң бiрне¬ше жерiнде террорлық жарылыс жасауды жоспарлаған. Жарыл¬ғыш бомбаны өздерi қолдан жасаған. Абырой болғанда, Ұлттық қауiпсiз¬дiк комитетi лаңкестiк топты дер кезiнде қолға түсiрдi, оның мүше¬ле¬рi жиырма жылға дейiн бас бостандықтарынан айырылды. Бiр өкiнiштiсi, топты құрған Өзбекстан азаматы құрыққа түспей кеттi.

Бүгiнде “Ислам мемлекетi” туының астында бiр ғана Мақтаарал ауданынан ондаған жiгiт соғысып жүр. Олардың көбiсi Шам жерiндегi жиһадқа 2011-2012 жылдары кетiп қалған. Араларында сол жақта оққа ұшып, туған жерiнде жылдық асы берiлiп қойғандары да бар. Мақтааралдық азаматтардың айтуынша, ауылда тып-тыныш тiрлiгiн iстеп жүрген жiгiттердiң санасын улаған, ақыр аяғында Шам жерiне алып кеткен азамат та Өзбекстаннан келген.

 Алысқа бармай-ақ қоялық, осы жуырда ғана Сарыағаш ауданының аумағынан дәрi шөп жинап жүрген 19 Ауғанстан азаматы ұсталды. Сонау ит арқасы қияннан келген ауғандықтар шекарадан қалай өтiп кеткен десеңiзшi және олардың шын мәнiндегi мақсаттары шөп жинау болды ма? Қайбiр жылдары Ұлттық қауiпсiздiк комитетi сол Сарыағаш ауданында ауыл-ауылды аралап, дауағат айтып жүрген бiр топ таблиғшыларды ұстаған едi.

Бiздiң қолымыздағы мәлiметтер¬ге қарағанда, күнi кеше Алматыдағы қанды қырғынды жасаған Руслан Күлекбаев бiр кездерi Түркiс¬тан, Шымкент, Тараз қалаларында жүрген. Шымкентте алтын сатушы бiр әйелдi тонағаны үшiн Еңбекшi аудандық сотының үкiмiмен шартты түрде сотталған. 2012 жылы ол заңсыз қару сақтағаны үшiн бас бостандығынан айырылған. Алматы – Атырау пойызында ұсталған оның сөмкесiнен қарумен бiрге дiни әдебиеттер тәркiленген. Сот барысында Руслан Күлекбаевтың өзi намаз оқитынын айтқан.   

Ендi өзiмiздiң көзiмiз көрiп жүрген жайттарды баяндайық. Осыдан бiрнеше жыл бұрын облыс¬тық мәслихаттың сессиясында депутаттар мешiттерде сақалдылардың қаптап бара жатқанын қызу талқылаған едi. Содан берi сақалдылар көбеймесе азаймады. Әри¬не, маңдайына салафи деп жазып қойған ешкiм жоқ. Оларды намаз оқысынан, киiм киiсiнен, сақал қойысынан, балағынан айыруға болады. Намазды бiрi талтайып, бiрi дауыстап оқиды. Имамдардың айт¬қан ескертуiн елең қылмайды. Бiр таңқаларлығы, терiс ағымдағылар ешқашан бет сипамайды екен. Ендi бiрi намаздың тек парызын ғана орындайды. Жұма намазында парыз оқылып бола салысымен жартысы орындарынан тұрып, жан-жағына қарамастан жөндерiне кете бередi. Намаз бiткен соң имам құран оқуға кiрiседi, осы кезде тағы бiр қауым орындарынан тұрып кетедi. Осындай әдепсiздiкке үлкендер жағы “құранға неге қарамайсыңдар, құраннан үлкен емессiңдер ғой?” деп кейiп жатады.

Бiрақ оған құлақ асып жатқан сақалдылар жоқ. Әйтеуiр, ел тыныш болсын деймiз. Бiздiң қолдан келер басқа не қайран бар?

Ғалымжан Елшiбай,

Оңтүстiк Қазақстан облысы 

«Жас Алаш» №61 (16143)

2 тамыз, сейсенбі 2016

Ақберен Елгезек елес қуып жүр...
Жақып Бөкенбаев зейнеткердің жұмбағын шеше ала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу