ОСК: Дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС құрылысын қолдады

Oinet.kz 07-10-2024 227

 7.jpeg

Қазақстандықтардың 71,12 пайызы референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлім етті.

Бұған дейін Қоғамдық саясат институты сайлаушылар арасында сауалнама жүргізген болатын. Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған.

«Қоғамдық саясат институты барлық өңірде экзит-пул өткізді. Сауалнама барысында 600-жен астам интервьюер мен супервайзерлер жұмыс атқарды. Экзит-пулға 44 160 азамат қатысты, сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтыды», - деп атап өтті Қоғамдық саясат институтының сарапшысы Медет Өмірзақов «Астана» телеарнасының тікелей эфирінде.

 


Шымкентте «Пайызсыз баспана» ұйымының басшысы сотталды
Қызылордада –Нұрлыбек, Түркістанда--Әзімбек. Ендігі сценарий қалай болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу