Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Германия канцлері Ангела Меркель әлемдегі ең ықпалды әйелдердің көшін кезекті рет бастады. Кезекті дейтініміз, ол рейтинг көшін алты жылдан бері бастап келеді. «Forbes» журналы жариялаған биылғы жылдың ықпалды 100 әйелі тізімінде екінші орында АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон тұр. Үшінші орынды америкалық Джанет Йеллен иеленген. Forbes тізімінде ең жас ықпалды әйел «Yahoo!» компаниясының директоры Марисса Майер. Оның жасы - 41-де. Ең қариясы - 90 жастағы британ ханшайымы Елизавета II. ТМД елдері аумағынан тек ресейлік Центробанк төрағасы Эльвира Набиуллина бар (56 орын).
Сондай-ақ, рейтингте алғашқы ондыққа миллиардерлер Билл Гейтстің әйелі - Мелинда Гейтс, General Motors бас директоры Мэри Барр, МВФ атқарушы-директоры Кристин Лагард, Facebook директорлар кеңесінің мүшесі Шерил Сэндберг, Google топ-менеджері Сьюзен Войжитски, Hewlett Packard Enterprise жетекшісі Маргарет Уитмен, Santander қаржы-несие тобы директорлар кеңесінің төрағасы Ана Патрисия Ботин енген.
Әлемдегі соңғы жаңалықтарға көз жүгіртсеңіз, әйелдердің белсенділігі мен билікке талпынысы артып келе жатқанын аңғарасыз. Мысалы, тарихта алғаш рет әйел Сирия парламентінің спикері болып сайланды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, «Баас» партиясының депутаты 58 жастағы Хадийя аль-Аббас сириялық парламенттің жаңа құрамының - Халықтық ассамблеясының бірінші сессиясында баламасыз дауыс беру нәтижесінде сайланған. Ал, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон биыл 8 қарашада өтетін саяси додаға қатысуға дайын. Ол Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсыну үшін делегаттардың қажетті дауыстарын жинады. Оның басты қарсыласы Берни Сандерс бұқаралық ақпарат құралдарын дауыс санаумен айналыспай, шілдеде өтетін ұлттық партиялық съездің қорытындыларын күтуге шақырды. Ал Республикашылдар партиясынан АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысатын жалғыз ғана үміткер Дональд Трамп болып отыр. Хиллари Клинтонға 2 383 сайлаушы қолдау білдірген. Ресми кандидат ретінде шілдеде Демократиялық партия конвенциясында ұсынылады.
Мұрағаттан, 2016 ж