Шымкент: Еңбекші ауданы сапалы ауыз сумен 97 пайыз қамтылған

Oinet.kz 02-08-2024 187

1.jpg 

Президенттің тапсырмасына сәйкес Шымкенттің инфрақұрылымын жақсарту, оның ішінде шалғайдағы елді мекендердің барлық коммуналдық мәселелерін шешу бағытында бірқатар жобалар жүзеге асуда.

 Шымкент қаласының Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектар құрап, халық саны 228 830 болды. Ауданда 18 тұрғын алаптар және 11 шағынаудандар бар. Еңбекші ауданында 728 көшелер мен өткелдер, 2 саябақ 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үйлер орналасқан. Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.

Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту туралы 2022-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасымен бекітіліп, жұмыстар жүргізуде.

Еңбекші ауданының қазіргі таңда ауыз сумен қамту көрсеткіші 97%-ды құрайды. 2024 жылы Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағындағы 102 абонентті және Оңтүстік-Жаңақұрылыстағы 989 абонентті сапалы ауыз сумен қамту мақсатында жобалық сметалық құжаттар әзірлеу жоспарланған.

Ал электр жарығы бойынша аудандағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың электр жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік 98,6%, жекеменшік жүйе 1,2%, ал, қамтылмаған 0,2% (жаңақұрылыс учаскелері) құраған.

2023 жылы Исфиджаб, Достық (1356 абонент) тұрғын алаптардағы жеке меншік жүйедегі электр желісін ауыстыру үшін «DIAS Проект» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан ЖСҚ әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым желі жаңартылған.

Қазіргі таңда, «Сайрам» жобасы бойынша бастапқы қаржы қаралып, «Қазеурострой» ЖШС мердігер мекеме болып анықталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.


Тоқаев Мирзияевтің қызымен неге кездесті?
Өзбекстан Қазақстанға қосымша 500 миллион текше метр су береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу