Венгрия Украинадан неге теріс айналды?
Венгрия билігінің ойынша, Украинаның НАТО-ның мүшелігіне ешқашан қабылдауға болмайды. Ал Ресейдің қауіпсіздігіне кепілдік беру қажет екен. Тек сонда ғана Украина-Ресей арасындағы соғыстың мәселесін шешуге болады.
Осындай шулы мәлімдемені өткен аптада Венгрия премьер-министрі кеңсесінің басшысы Гергели Гуляш жасады.
- Украинаның қолдап отырған Батыс елдері Ресейдің қауіпсіздігіне кепілдік беру қажет, бірақ Украинаны ешқашан НАТО мүшелігіне қабылдамау керек,- деді ол.
Гуляштің айтуынша, Украина енді Ресей басып алған жерлерді қайтарып ала алмайды. Сондықтан дәл қазір Ресей мен Украина арасында келіссөз қажет. Ал келіссөздерге АҚШ дәнекер болуы тиіс. Сонымен бірге венгер саясаткерінің айтуынша, Ресей Орталық Еуропа елдеріне ешқандай қауіп төндірмейді. Себебі Ресей бір жарым жыл ішінде Украинада айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмады.
Алайда Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подляктің ойынша, Украина Ресей басып алған жерлерді бір пәсте қайтарып алады.
- Түптің түбінде бәрі жылдам және бір пәсте, қалай тез басталса, солай тез аяқталады,- деп жазған кеңесші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы аптада Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковтың осттавкіге кеткені белгілі болды. Кейбір ақпараттарға қарағанда, ол Украина Қарулы күштеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерден кейін қызметінен босатылған көрінеді. Оның орнына Рүстем Умеров тағайындалды.
Рустем Умеров Өзбекстанда туған қырым татары.