Дәурен Абаев су жаңа қызметке тағайындалды

Oinet.kz 02-03-2023 1064

Қазақстанның бұрынғы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

Screenshot_12.jpg

"Ол ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалады", - делінген сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Абаев Минскіге 7 наурызда баратыны айтылады. Ол Қазақстанның тағы бір өкілі Бекетжан Жұмахановтың орнына тағайындалады.

Абаев 2022 жылдан 2023 жылдың 4 қаңтарына дейін мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. 2020-2021 жылдары - президент әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. 2019-2020 жылдары - ақпарат және әлеуметтік даму министрі болған.

Түркістан – қасиетті өлке
Шымкент мұнай өңдеу зауыты бір айға тоқтайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу