Нығматулин Қазақстанның ауыл шаруашылығын қатаң сынға алды

Oinet.kz 24-05-2019 2041

d568ff5bf07f0c72db3a7ba32372ea74.jpg

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі төмен екенін, сол себепті әлі күнге дейін өнімдерді импорттап отырғанымызды айтты. Бұл жөнінде Baq.kz хабарлайды. 

«Отандық мал шаруашылығын дамыту бойынша мемлекет қабылдаған шараларға қарамастан, әлі де шешімін таппаған бірқатар мәселе бар. Біріншіден, бұл – өңдеуші кәсіпорындардың төмен жүктемесі. Осыған толық тоқталып өтейін. Бүгінде біз еттің тек 33%-ы мен сүттің 31%-ын ғана өңдейміз. Елдегі барлық өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесі әлі де төмен, 60% деңгейінде», - деді Нығматулин.

Мәжіліс спикері Ресей мен Беларусь елінде осындай кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемесі бүгінде 80%-дан асатынын айтты. Соның нәтижесінде ресейлік және белоруссиялық өнімдер Қазақстанға импортталады. 

«Статистикадан түйгенім, елімізге жыл сайын 6 мың тоннадан астам сары май, 22 мың тоннаға жуық ірімшік, жалпы сомасы 45 млрд теңгені құрайтын 6 мың тоннадан астам консервілері жеткізіледі. Етті импорттайтынымыз мені таң қалдырады. Бұл өнімдерді біздің өңдеуші зауыттарымыз да өндіре алды емес пе? Және өндіруі тиіс. Ал бізде қалай? Көркемдеп айтсақ, потенциал бар, өсім жоқ. Бір жағынан біз бұл саланы 76 млрд теңгеге субсидиялаймыз, ал екінші жағынан біз бірден өз нарығымызда басқаларға орын беріп, ел ішіндегі нарықта кем дегенде 45 млрд теңге жоғалтамыз. Мен үш позицияны ғана сөз етіп отырмын», - деді спикер.

Нығматулин осыған байланысты шағын өндірушілерді қайта өңдеу кәсіпорындарымен байланыстыратын дайындау кәсіпорындарының желісін құру мен дамытуды барынша қолдау қажет екенін айтты.

Бұған дейін Нығматулин Қазақстанның сыртқы нарыққа ірі ет экспорттаушысы бола алатынын айтты.

Screenshot_1.jpg

Қазақ хандығының 550 жылдығына қаржы бөлуге үкімет неге құлықсыз?
Оқушы Тоқаевтың сенбілікте аула тазалап жүрген видеосы жарияланды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу