Сатыбалды соңғысы емес. Назарбаевтар әулетіне қара бұлт төнді

Oinet.kz 11-05-2022 3643

Экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметтік желіде Елбасының бауыры Болат Назарбаевтың ұлы Ербол Назарбаевқа қатысты  тарап жатқан видеоға түсінік берді.

Screenshot_23.jpg

Видеода көшеде  алдыңғы әйнектері  күңгірттелген шетелдік қымбат көліктің тоқтатылғаны, рульден жас жігіттің түсіп, полиция қызметкерімен сөйлесіп жатқаны көрсетіледі. Бейнежазбаны түсірушілер бұл азаматтың Назарбаевтар әулетінің өкілі екендігін айтады. Кейінірек видеоны әлеуметтік желіге салушылар оның Болат Назарбаевтың  Мира деп аталатын әйелінен туған ұлы Ербол Назарбаев екендігі нақтылап жазады. 

Антикордың таратқан мәліметіне қарағанда, Ербол Назарбаев бұған дейін аталған ведмоствода лауазымды қызметтерді атқарған.    2022 жылғы 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен Арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылған. Ал, 14 сәуірде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылған. Оның қызметінен не себепті босатылғанына қатысты ешқандай мәлімет келтірілмеген. 

Болат Назарбаевтың Нұрбол деп аталатын ұлы бір кездері Алматы облыстық Полиция департаментінің орынбасары болып істеген көрінеді. Бұдан бөлек Болат Назарбаевтың қызы Гүлмира Әбішева қазіргі уақытта Алматьы облыстық соттарының бірінде төраға қызметін атқарады.  Алматы облысын билеп-төстеген Назарбаевтар әулетіне қатысты әңгімелер қызып тұр. 

Жалпы бұған дейін Тұңғыш президенттің туыстары, құдалары, күйеу балалары, немере інілері қызметінен кетті. Әзірге Елбасының жақын туыстарының ішінде тек немере інісі Қайрат Сатыбалды ұсталды. Н.Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаевтың да үстінен іс қозғалды. Ал соңынан әрқилы әңгімелер ерген Елбасының ортаншы және кенже қызы Динара мен Әлияға, туған бауыры Болат Назарбаевқа қатысты тергеу-тексеру амалдарының жүріп жатқаны туралы мәлімет жоқ. Бұл нені білдіреді? Назарбаевтар әулетінің қазірі билікпен өзара келісім жасағанын ба? 

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев «Азаттыққа» берген сұхбатында билік бәрін «жабулы қазан жабулы» күйінде қалдырмауы мүмкін. 

 -Тоқаевтың әлдебір текетіресті Сатыбалды мен Боранбаевтан бастауы оның әзірге ең негізгі адамдарға тиіспей отырғанын көрсетеді. Бірақ бұл адамдардың қамауға алынуы арқылы Тоқаев классикалық схеманы іске қосты: қазір бірінші президенттің отбасындағы негізгі ойыншыларға қатысты куәгерлер деректері мен әшкерелейтін материалдар жиналып жатыр деп ойлаймын. Болашақта бұл компромат Назарбаев отбасының басқа мүшелеріне қатты соққы жасауы мүмкін. Бұл Назарбаевтың көзі тірісінде бола ма, ол жағы түсініксіз. Бірақ Назарбаев саясат сахнасынан мәңгілікке кеткенде тегеурінді әрі жаппай шабуыл болатынына жүз пайыз сенімдімін. Орталық Азиядағы басқа елдерде мұндай жағдай бірінші президенттің өлімінен соң болған еді. Экс-президенттің отбасы мүшелерінің көбі шетелге қашты. Бұл жерде Тоқаев тарапынан біршама қате кетті. Бюрократиялық аппарат пен мемлекеттік биліктің басқа да аппаратында тетіктері бар қалталы қарсыластарының болуы қандай да бір араздық туғызуы мүмкін. Әрине, Қазақстан ел ішінде оларға қарсы қылмыстық іс қозғайды, халықаралық іздеу жариялайды, Интерполды араластырады, бұл адамдардың белгілі бір бөлігін Қазақстанға қайтарып, сот тергеуін жүргізуге де тырысуы мүмкін,-дейді саясаттанушы.

Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына аса мүдделіміз - Эрдоған
Тоқаев: Менің мақсатым – халқыма мейлінше еркіндік беру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу