Ботақанов бас қолбасшы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Ботақанов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Советбекұлы Ботақанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұған дейін Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болған Руслан Жақсылықов орнынан босатылды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың мәліметінде.