Жас депутат Мәди Ахметов министрге өткір сауал жолдап састырды (видео)

Oinet.kz 05-06-2021 5325

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов Экология министрі М.Мырзағалиевке өткір сауал жолдап оны састырды. Депутат министрден сақалды құрылысқа айналған Есқұла су тартқышына қатысты сұрақ қойды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.

Мәди Ахметов.jpg

"Құрылысы 2010 жылы басталып, әлі күнге дейін аяқталмаған Есқұла су тартқышы қашан іске қосылады? Соңғы 11 жыл бойы 100 мыңнан астам тұрғыны бар Сәтбаев және Жезқазған қалалары ауызсудың тауқыметін тартып отыр.

Жобаның бастапқы құны 5.8 млрд. теңге болса, 2020 жылы 8.7 млрд. теңгені құраған. Мәжіліс қабырғасында үш жылдық республикалық бюджет мақұлданғанда Экология министрі М.Мырзағалиев Есқұла су тартқышына 2.1 млрд. теңге бөлінсе, ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтаймын деп депутаттар алдында сөз берді.

Қаражат бөлінді, жылдың аяғы да алыс емес, нәтижесін көрейік", - деп жазды Мәди Ахметов.

Еске сала кетейік, Мәди Ахметов Мәжілістің ең жас депутаты. Ол Елбасына ескерткіш қою туралы ұсыныспен ел арасында танымалған болған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Madi AKHMET (@madi_akhmet)

Бауыржан Байбек әрбір жастың бойында болуы керек үш ерекшелікті атады
Тоқаев жаңа кадрлық тағайындау жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу