Ермахан Ибраимовтан соққы алдым деген әйел оның үстінен шағымданды

Oinet.kz 25-01-2021 3016

Бүгін белсенді Әйгерім Тілеужан құқық қорғаушы Ерлан Қалиевпен бірге Алматы қалалық Полиция департаментіне барып, бокстан Синдей олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимовтың үстінен арыз түсірді. Оған 10 қаңтарда орталық алаңда полиция әділ сайлауды талап еткен белсенділерді қоршап тұрған кезде спортшының "ұсақ бұзақылық жасап, наразылардың плакатын жыртуы" себеп болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Ермахан Ибраимов.jpg

"Оның әрекеті заңсыз. Әкімшілік кодексте екі бап бар. Бірі - 73-1-2-бап ("Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу"). Ауыр салмақтағы боксшының қолы басқаларға жұдырығын сермеймін деген кезде белсендіге (Әйгерім Тілеужан) тиіп кетті. Екіншісі - 434-бап ("Ұсақ бұзақылық"). Плакат жыртып, белсенділерге тиісіп, балағаттағаны үшін жазалануын талап етеміз", - деді құқық қорғаушы Ерлан Қалиев.

Әйгерім Тілеужанның айтуынша, 10 қаңтарда демократиялық партия құрғысы келетін бастамашыл топ өкілдері полиция қоршауында қалған кезде ол топ мүшелері мен спортшы арасында төбелес шығып кетпесін деп ортада тұрған. Ермахан Ибраимов ашуланып, "белсенділерді ұрмақшы болған кезде" қолы бетіне тиіп кетіп, ауырған.

"Ол ешкім өте алмаған қоршаудан оп-оңай өтіп, бізбен сөйлесті. Оның келіп, белсенділерді балағаттап, плакаттарын жыртуға полицияның өзі жол ашып беріп отыр. Мұндай әрекет жазасыз қалмасын деп шағым түсіріп отырмыз", - деді Әйгерім Тілеужан.

Алматы қалалық Полиция департаменті белсендінің арызын қабылдап, өзінен сұрақ-жауап алатынын айтты. Ал спортшының өзі арызға байланысты түсініктеме бермеді.

Путиннің хан сарайындай үйі жұрттың таңдайын қақтырды (фото, видео)
Әділет министрлігі Қазақстанға крематорий құрылысы не үшін қажет екенін түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу