«Нұр Отан» 76,8 пайыз алуы мүмкін

Oinet.kz 23-10-2020 1051

Қоғамдық саясат институтының қазан айындағы сауалнама нәтижелеріне қарағанда праймеризден кейін «Нұр Отан» партиясын қолдау деңгейі 76,8 пайызды құрайды. Бұл деген сөз алда өтетін сайлауда биліктің партиясы осыншама дауыс алуы мүмкін деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Нұр Отан.jpg

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 70,7 пайызы партияның саяси салада бәсекелестері жоқ деген пікірде, ал респонденттердің 69,2 пайызы елдің одан әрі дамуын тек «Нұр Отан» партиясымен байланыстырады. Мұндай мәліметтерді Socioexpert ұйымына сілтеме жасаған қазақстандық ақпарат құралдары таратып отыр. 

Партия рейтингісінің артуына қоғамда сұранысқа ие бола білген праймеризді өткізу ықпал еткен. Праймеризде партия мүшелерінің 82,4 пайызы дауыс берді, 10 мыңнан астам кандидат тіркелді, олардың 55 пайыздан астамы қалалық және аудандық мәслихаттар тізіміне өтті. 

Айта кетері, зерттеулерге қарағанда, қазақстандықтардың 65,3 пайызы партиялық сайлау туралы естіген, олардың 62 пайызы праймеризді «жақсы тәжірибе» деп санайды екен.

Дауысты онлайн береміз бе?
Бекболат Тілеухан Боратқа ашуланып, министрлерден түсініктеме беруді талап етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу