Бекболат Тілеухан Боратқа ашуланып, министрлерден түсініктеме беруді талап етті
Соңғы кездері желілерде көп сыналып жүрген Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жұртты дүрліктірген «Борат» фильміне қатысты Instagram-дағы парақшасында үндеу жариялады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Өзімізге ғана емес, өзгелерге, әсіресе алыс-жақын елдегі дипломатиялық инстанцияларға жетімді болу үшін бұұ-дағы алты тілдің бірі – орыс тілінде жасадым. Айналайын халқым, түсіністікпен қараңыздар. Еліміздің абыройы, халқымыздың намысы тапталып жатыр. Тәуелсіздігіміздің символы іспетті көк байрағымызды тексіздерге қорлатып отыра алмаймыз. Бұл үндеуді қолдауларыңызды сұраймын! – деді мәжіліс депутаты.
Мәжіліс депутаты бұл фильм халықаралық құқықты бұзғанын айтып, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевқа, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға осы мәселеге қатысты түсініктеме беру керектігін айтты.