Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды

Oinet.kz 03-04-2019 920

Screenshot_14.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда

Сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады. Ресми сапар қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімде жасайды және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

«Темір» ханшайымдар
Тоқаевтың кортежі Мәскеу халқының назарын аударды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу