Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
ҚР Қылмыстық кодексінің 256-257 баптарымен 11 жылға бас бостандығынан айырылған, сотталған Думан (аты өзгертілген) ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/3 мекемесінде жазасын өтеп жүріп жаңа өмірге бет бұрғаны туралы өзі айтып, жасаған қателіктерін өкінішпен жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz zakon.kz порталына сілтеме жасап.
- "Атырау қаласында туып, білім алып, отбасын құрған едім. Өзімнің діни тұрғыда сауытсыздығымды түсініп өз бетімше діни білімді алуды көздедім. Соның салдарынан отбасымды бірге алып, 2014 жылы Ресей Федерациясының аумағымен Түркия мемлекетіне жетіп, одан әрі Сирия мемлекеттік шекарасынан заңсыз өттім. Онда "ИГИЛ" халықаралық террористтік ұйымның құрамындағы "Біріккен қазақ жамағаты" террористік тобына қосылдым. "Қарулы жиҺадқа" шығу мақсатында террористтік топ құрамында басқа адамдармен бірге қатысу үшін арнайы даярлықтан өттім. Бірнеше қарулы қақтығыстарға қатысып, жаралы болдым. Біраз уақыт өткеннен кейін өзімнің іс-әрекеттеріме талдау жасап, терең қателікке жол бергенімді түсіндім. Сирия мемлекетіне жер аударылып кетіп қалған Қазақстан азаматтарын елге қайтару мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен жоспарланған "Жусан" операциясы бойынша өз елім-туған жеріме жаңұяммен бірге қайта оралуыма себеп болды. Осындай Елдің азаматы болғандығымды мақтан етемін", - дейді сотталған Думан.
- "Менімен бірге адасып-жер аударылып кеткен басқа да мемлекеттердің азаматтары өз еліне орала алмады, себебі ол мемлекеттер өз азаматтарынан бас тартты. Тек Қазақстан Республикасы маған және де менің отандастарыма осындай мүмкіндік беріп, аса ауыр қылмыс жасасам да өз мемлекетімде, өз жерімде жазамды өтеп жатқаныма ризашылығымды білдіремін", - деп қосты сотталған Думан.
- "Бүгінде менімен осы мекемедегі діни тәрбие жұмыстарын жүргізетін теолог қызметкерлері де көптеген жұмыстар жүргізді. Мекеме әкімшілігіне және тәрбие бөлімінің қызметкерлеріне алғысым шексіз", - дейді Думан.
- "Осы өмірде талай сындардан өтіп, өзімнің істеген қателіктерімді келер ұрпақ жасамаса екен деп тілеймін", - деді Думан.