Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға енді 42 500 теңге төленбейтінін кесіп айтты
Қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленбейді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов кесіп айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында тілшілердің бірі 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қатысты сұрақ қойды.
Вице премьер әлеуметтік төлем азаматтарға елде төтенше жағдай жариялануына байланысты төленгенін атап өтті.
- Төтенше жағдай тоқтағаннан кейін оған ешқандай заңнамалық негіз жоқ. Сол себепті азаматтар әрі қарай мүмкіндігінше жұмыс істеген жерлерінде қызметін жалғастыруы тиіс. Осы жағдаймен тікелей байланыстыруға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын, - деді ол.