Елбасы: «Мен тәуелсіз Қазақстанды аяққа тұрғыздым»

Oinet.kz 08-07-2020 6893

Біздің ешкіммен арамызда кикілжің жоқ, олай етіп жасаған мен.

image.png

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның шекараларын делимитациялау туралы айтты. Оның айтуынша, болашақ ұрпаққа көрші елдермен шекара мәселесін шешудің қажеті жоқ, өйткені ол мәселелер өзі президент болған кезде жасалынып қойған.

"Мен Қазақстан басшылығына 80-жылдардың басында, 40 жасымда келдім. Бұған дейін мен Қарағанды облысын басқардым, егер Теміртау қаласын қоссақ - тағы бес жыл. Яғни, мен 45 жыл бойы елге қызмет етіп келемін. Аз емес, солай ма? Бұл өте қиын жұмыс, нормаланбаған, жауапты жұмыс.

Кеңес кезінде де мен өте үлкен қызметтер атқардым - Қазақстан үкіметінің төрағасы. Бүкіл Мәскеу элитасын таныдым, біздің елімізді, әлемнің көптеген елдеріне саяхаттап, барлық дерлік ауылдарда, аудандарда болғанмын. Көздегенім де осы еді. Бұл әр саясаткер үшін бақыт. Ойланып, жоспар құрып, іске асырдым.

Мен тәуелсіз Қазақстанды аяққа тұрғыздым, шекараларын анықтап, бекіттім. Шекараның бір километрі сипатталмағанның өзінде, әжептеуір жанжал болады. Біз көріп тұрмыз ғой. Болашақ ұрпақ бұл мәселені шешуінің қажеті жоқ, себебі мен кезінде өз жауапкершілігіме алып, шешкен болатынмын. Мемлекет құру - бұл бір іс, бұл сыртқы атрибут, Қазақстанның шекарасын толығымен нығайту тағы бір іс. Бізде ешқандай елмен арада кикілжің жоқ. Ал оны жасаған мен", - деді Елбасы өзінің баспасөз қызметі жариялаған сұхбатында.

«Біріккен қазақ жамағатының» бұрынғы террорисі Думан іштегі өкінішін жеткізді
Сенатор: «Бүкіл билік кінәліміз деп санаймын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу