Сенатор: «Бүкіл билік кінәліміз деп санаймын»
Президент өзінің үндеуінде Үкіметтің, әсіресе, Денсаулық сақтау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың індетке қарсы нақты іс- шаралар жасамағандығы туралы ашық айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпараттық порталы baq.kz-ке сілтеме беріп.
Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды.
Толық қолдаймын. Бұл Парламент қабырғасында да айтылған болатын. Тыңдайтын құлақ болмады. Өкінішке қарай, көптеген отандасымыз дер кезінде нақты дәрігерлік көмек ала алмағандықтан, тиісті дәрі-дәрмектер жетпегендіктен өмірден озды. Бүкіл билік олардың алдында кінәліміз деп санаймын. Әлі де болса он мыңдаған адамға көмек қажет. Олар қатты қиналуда. Барлық күшімізді солардың өмірін сақтап қалуға жұмсайық. Үкімет абаттандыруға, жол салуға, т.б. қатысты шығындарды қысқартып, оның орнына қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуы керек. Адам өмірінен қымбат ешнәрсе жоқ, – деп жазды сенатор.