Ресей Қазақстанға коронавируспен күреске көмектесу үшін мамандарын жібереді

Oinet.kz 30-06-2020 3654

Қазақстанның үкімет басшысы Асқар Мамин Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесіп, бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_8.jpg

Әңгіме барысында COVID-19 таралуына қарсы бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмектер мен шығыс материалдары бар тест-жүйелер түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сондай-ақ инфекциялық госпитальдар мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды жіберуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Тоқаев: Негативті және жалған ақпараттар тарап кетіп жатыр
Танымал ғалым 4 орынбасары да ауырып қалған Шымкенттің әкімін қолдауға шақырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу