Тоқаев: Негативті және жалған ақпараттар тарап кетіп жатыр

Oinet.kz 30-06-2020 2459

Президент індет кезінде халық тарапынан түсетін шағымның көбейіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау іс-шаралары жөніндегі кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық саясатты өзгерту қажет екенін атап өтті.

Президент індет кезінде халық тарапынан түсетін шағымның көбейіп тұрғанын айтты.

- Coronavirus2020.kz сайтына 40 мыңға жуық сұрақ келіп түскен. Бүгінгі таңда олардың үштен біріне ғана жауап берілген. Соның салдарынан негативті және жалған ақпараттар тарап кетіп жатыр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатады. Ақпараттық жұмысқа деген көзқарасты түбегейлі өзгерту керек, - деді Президент.

Президент дәрігерлер халыққа тікелей кеңес беріп, сұрақтарға жауап бере алатынкүнделікті телевизиялық бағдарламаларды ұйымдастыруды ұсынды. Қазақстандықтарға коронавирус науқастарды емдеудің хаттамасы барын, бұл ретте арнайы алгоритмдер түзілгенін түсіндіру қажет.

Тоқаев 3 әкімге сөгіс жариялады
Ресей Қазақстанға коронавируспен күреске көмектесу үшін мамандарын жібереді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу