Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Oinet.kz 20-05-2020 1057

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_13.jpg

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән берілді, - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті коронавирус пандемиясы кезіндегі ықпалдастықты екіжақты форматта, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. 

Тараптар биылғы қараша айына жоспарланған өңіраралық ынтымақтастықтың XVII форумына дайындық барысын қарастырды. Мемлекет басшысы аталған іс-шараның сапалы әрі мазмұнды болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. 

Сонымен қатар, кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Министр: «Енді көлік жүргізушілеріне 1-ақ құжат жеткілікті»
Айжан Есмағамбетова: «Талап сақталмаса қатаң карантинге қайта оралуымыз мүмкін»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу