Министр: «Енді көлік жүргізушілеріне 1-ақ құжат жеткілікті»
Қазақстандық жүргізушілерге өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүруге рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Мәжіліс отырысында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Автокөлік жүргізушісіне барлық құжатты өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ деген норманы енгізуді жоспарлап отырмыз. Жеке куәлік болса жеткілікті. Өйткені соның көмегімен біз планшет арқылы оның қандай көлігі барын, сақтандыру полисі қашан аяқталатынын, техникалық бақылаудан қашан өткенін, айыппұлы бар-жоғын тексере аламыз. Тұрғындарға құжат толған әмиян ұстап жүрудің не керегі бар - бір жеке куәлік жеткілікті, - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.