Айжан Есмағамбетова: «Талап сақталмаса қатаң карантинге қайта оралуымыз мүмкін»

Oinet.kz 20-05-2020 2108

Бұл туралы ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

«Төтенше жағдай режимінің алынып тасталуы карантин шараларының да алынғандығын білдірмейді. Вирус ешқайда кетпегендігін және арамызда таралып жүргендігін түсінуіміз қажет. Барлығымыздың мақсатымыз - оның одан ары таралуына әрі сырқаттанушылардың артуына жол бермеу. Бұған қоса, әрқайсымыздың, жақындарымыздың денсаулығына және еліміздің экономикасына нұқсан келтірмей – карантин шараларын біртіндеп жеңілдету», - деді бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.  

Оның айтуынша, барлық нысандар қызметінің қайта қалпына келтірілуі мен санитарлық талаптардың сақталуы қатар жүруі тиіс. 

«Талаптардың сақталмауы бізді қатаң карантин режиміне қайта алып келуі мүмкін. Бұған қоса, карантиннің жеңілдетілуі мен көптеген нысандар жұмысының қайта жандануы жағдайында бизнес субъектілеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар өз қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс», - деді Айжан Есмағамбетова.

Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Тоқаев жаңа заңға қол қояды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу