Айсұлтан Рахатұлы Иманғали Тасмағамбетовтен кешірім сұрады

Oinet.kz 08-04-2020 2964

Әлеуметтік желіде тосын жазбаларымен ел назарын өзіне аударған Елбасының жиені Айсұлтан Рахатұлы жақында тағы кезекті жазбасын жариялады. Осыған дейін ҚР Ресейдегі елшісі қызметінен зейнетке шыққан, кезінде ҚР Премьер-министрі болған, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының әкімі болған, облыс әкімі, министр сынды қызметтерді абыроймен атқарған Иманғали Тасмағамбетовты сын садағына алған Айсұлтан күні кеше Facebook парақшасында одан кешірім сұрады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

- Құрметті Иманғали Тасмағамбетов, Болат Өтемұратов, Әділбек Жақсыбеков!

Мен сіздерді сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптап аттарыңызға кір келтірдім. Менікі жай ғана болжам еді. Сіздерден әйелдеріңізден, және балаларыңыздан, отбасыларыңыздан шын жүректен кешірім сұраймын! Мен мұны қатыгездік, кек алу мақсатында жасадым! Рахат Әлиевтің өлімінен кейін ашушаң болып кеттім! Мен сіздердің араларыңыздағы жұмыстарыңызға араласпауым керек еді, өйткені мен бәрін білмеймін! Мен сіздердің алдарыңызда кішіпейілділікпен басымды иіп, арам пиғылда жасаған іс-әрекеттерім үшін Құдайдан кешірім сұраймын! - деп жазды Айсұлтан Рахатұлы. 

Screenshot_1.jpg

Еске сала кетейік, Айсұлтан осыған дейін өз парақшасында Иманғали Тасмағамбетовты айыптап, оған көптеп кінә артқан болатын. Айсұлтан соңғы кездері нағашы атасының отбасына қатысты көптеген жазбалар қалдырып, белсенділік танытып жүрді. Бірақ, кейіннен бұл жазбаларды Мұхтар Әблязов фейсбукте Айсұлтанның атынан жазып жүргені әшкере болып қалған еді. 

Назарбаевтың қазақстандықтарға үндеуі жарияланады
Танымал айтыскер ақын Аян Сейітовке есірткі тасымалдағаны үшін іздеу жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу