Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-сұлтан қаласында анықталды
Елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды. Бұл туралы брифингте ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Ол Италияның Милан қаласынан еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласына 12 наурызда келген, - дейді Елжан Біртанов.
Сонымен қатар, ол 1860 адам мониторингте , яғни бақылауда екенін айтты.
1908 адам карантинде болды, тағы бір адам италиядан келген әйелден індет белгілері анықталды, ол кісі Миланнан Нұр-Сұлтанға келді. Ол әйелмен бірге келген бортттағы адамдар да тексерілуде. Тығыз байланыста болғандардың бәрі тексерілуде, карнатинге жатқызылады. 13 наурызда Ресейден келген борттағы 90 адамның ішінде Италиядан келген жолаушы әйел болған. Бізге келетін жолаушылардың барлығы анықтама парағын толтырады. Осылайша келген бағытын анықтаймыз, жол бағытын жасырып жатқандар да бар - деді ол.