Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6 адамға жетті

Oinet.kz 14-03-2020 996

a76ca2422d9279c1a4bf4e1ecff9dd3a.jpg

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.

- Дәл қазір белгілі болғандай елімізде коронавирус жұқтырған тағы бір кісі анықталды. Ол 1958 жылы туылған ер азамат. Кәсіпкер. Ол кісі Алматы қаласына 10 наурыз күні Мәскеу қаласынан ұшақ арқылы ұшып келген. Қазіргі таңда ем қабылдап жатыр. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласынан да тағы бір әйел кісінің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Ол Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақпен келген. Осымен еліміздегі науқастар саны алтыға жетіп отыр. Оның төртеуі Алматы қаласында, екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, – дейді Диас Ахметшәріп.

Дереккөз: Baq.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам Нұр-сұлтан қаласында анықталды
Nur Otan-ның 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесі өтпейтін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу