Елімізге Грузиядан келген 1 тоннадан астам мандарин өртелді

Oinet.kz 02-03-2020 925

Елордалық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар фитосанитарлық бақылау барысында Грузия елінен "Комсток сымыры" зиянкесі жұқтырған мандариндердің ірі партиясын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

1583125270_msh-rk-mandariny.jpg

Карантиндік зиянкестердің таралып кетпеуі үшін ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары 1 210 кг қауіпті мандаринді тәркілеп, зиянды жемістер экополигон аумағында өртелді. Бұл факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды, делінген ҚР АШМ баспасөз хабарламасында.

Айта кетсек, Комсток сымыры зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, долана, катальпа, цитрустар, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да көкөністерді зақымдайды. Комсток сымыры таралған кезде өсімдіктердің жаппай қурауына алып келеді.

Қазақстанда 1 млн-нан астам адам коронавирус бойынша тексеруден өткен
Біртанов Қазақстанға коронавирустың келмеуінің сырын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу