Мандарин: пайдасы мен зияны
Бұл жеміс мерекелік көңіл-күйді беріп қана қоймай, емдік қасиетке ие бірден бір жеміс.
Мандарин жемісінің тарихы
Бұл жемісті алғашында Қытайда пайда болып, ХІХ ғасырдың басында Еуропа елдеріне алып келінді деп есептелінеді. Негізгі өндіруші елдер: Испания, Марокко, түркия. Сондай-ақ, Абхазия мен Грузияда, Вранцияның оңтүстігінде, Жапония мен Индоқытайда өсіріледі.
Қытайда бұрыннан Жаңа Жыл мерекесінде үйге келген қонақтар екі мандарин әкеліп, шығып бара жатқанда басқа екі мандаринді өздерімен алып кететін болған. Бұл дәстүр байлықты шақыру деген ұғымда пайда болған. Қытай елінде «екі мандарин» «алтын» деген сөзге ұқсас болғаны үшін де бұл дәстүр әлі күнге дейін маңызын жойған емес.
Мандариннің пайдасы
Мандарин жемісінің құрамында пайдалы қышқылдар, А, Д, К және өзгеде дәрумендер, сонымен қатар минералдар: калий, магний, темір, фосфор, натрий және кальций бар.
Сондай-ақ, бұл жемістің құрамында табиғи антисептиктер бар. Қабығында 1-2% эфир майы және пигменттер, мәселен, каротин бар. Қысқы уақытта мандарин адам ағзасына жетіспейтін дәрумендердің орнын толтырып, иммундық жүйені нығайтады. Ыстық сусынға мандаринің цедрасын қосып ішу қақырық пен жөтелге көмектеседі. Барлық цитрусты жемістер секілді бұл да суық тиюге көмектеседі. Эфир майы тыныштандыратын әсерге ие, стрессті жеңілдетуге, ұйқы мен денсаулықты жақсартуға оң әсерін тигізеді.
Мандариннің құрамында қант мөлшері көп болғанына қарамастан, ол төмен калориялы өнім болып саналады. Осыған қарамастан артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Мандариннің зияны
Мандариндер цитрусты жеміс болғандықтан көбіне аллергия туғызады адамда. Сондықтан оны шамадан тыс көп жеуге әрі 2-3 жасар балаларға беруге болмайды. Мандариндер құрамындағы аскорбин қышқылы асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді, сондықтан оларды асқазан мен ішектің қабыну ауруларының өршуі кезіңде қолдануға болмайды. Сондай-ақ, оларды гепатит, холецистит және нефритпен ауыратын адамдарға арналған диета мәзірінен шығарған жөн. Мандариндердегі каротин мен А дәруменінің көп мөлшері бауырда жиналып, ағза аурудан әлсіреген шақта оны зақымдауы мүмкін.