Түркістан облысының барлық мәслихаттары Ислам Әбішевті босaтуды сұрап, өтініш жазған

Oinet.kz 27-02-2020 1662


72886952_644580672616128_8812415216487759872_n-1000x_.jpg

5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішев сот үкімі бойынша жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады. Ал онымен бірге сотталған Серік Түкиев 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені белгілі 

Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Әбішевке тағылған «аса ірі көлемде пара алуға оқталу» айыбын толығымен дәлелденді деп тапты. Дегенмен сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Сотталушылар оған апелляциялық шағым беретінін үкім оқыла салысымен-ақ мәлім еткен болатын.

Үкім шығарар кезде соттың жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды қарайтыны белгілі. Әбішевтің жағдайын жеңілдететін мән-жайлар  ретінде оның  екі облыс орталығының, тоғыз аудан орталығының құрметті азаматы екендігін, «Құрмет», «Парасат», «Барыс» III-дәрежелі ордендерімен марапатталғанын, зейнеткерлік жасқа келгенін, Оңтүстік Қазақстан облысында  облыс әкімінің орынбасары, қала әкімі лауазымдарын, 40 жылдан астам еңбек атқарғанын, ал С.Түкиевтің Қазақ күресінің дамуына елеулі еңбек сіңіргенін, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын, сондай-ақ, сотталушылардың көптеген медальдары мен құрметті грамоталарының, Сенат және Мәжіліс депутаттарының, профессорлар, академиктер және тағы басқа да  көрнекті қайраткерлердің, Түркістан облысының барлық аудандық маслихатының Әбішев пен Түкиевті қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініштерінің барын ескерген. Сот үкіміне қарағанда Әбішев пен Түкиевті қылмыстық жауаптан босатуды сұранғандардың қатары 300 мыңан асқан. 

Айта кетері, Ислам Әбішев былтыр 14 наурызда қамауға алынған. Оның сол кезден бастап үкім күшіне енгенге дейінгі қамауда отырған бір күні екі күн ретінде есептеледі. Яғни ол қазірдің өзінде 5 жыл мерзімнің екі жылын өтеп қойған болып отыр. 

Ислам Әбішев уақтысында Ордабасы ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінң орынбасары, одан кейін ұзақ жылдар Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Өскемен қаласының әкімі қызметінен кейін ол Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған болатын. 

Біртанов: «Вирус жұқтыру - тек өліммен аяқталмайды»
28 наурыздан бастап балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу