Біртанов: «Вирус жұқтыру - тек өліммен аяқталмайды»

Oinet.kz 27-02-2020 931

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі адамдардың коронавирусқа деген көзқарасы жайлы айтты. Елжан Біртановтың сөзінше, инфекция салдарынан байбалам салудың қажеті жоқ. Өйткені вирус жұқтыру - тек өліммен аяқталатынын білдірмейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

Біртанов.jpg

Біртановтың айтуынша, вирустың ел аумағына кірмеуі үшін Қазақстан билігі өз алдына нақты міндеттемелер қойған. Алайда біздің ел барлығынан алшақ, аралда орналаспағандықтан, инфекцияның келу ықтималдығын жоққа шығару мүмкін емес.

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды байбалам салмауға шақырды. Өйткені жаңа вирус тек өліммен аяқталмайды. Біртановтың сөзінше, бұл "оба" ауруы емес.

Министрдің мәлімдемесіне сай, жаңа вирус жұқтырудың ақыры тек өліммен аяқталады деуге келмейді. Себебі оның ауыр және жеңіл өтетін екі түрі бар.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Сыртық істер министрлігі ел азаматтарынан шетелге шықпауларын сұраған еді. Бұл қытайлық коронавирус тіркелген елдер санының күрт артуымен байланысты.

Мұндай үндеуді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жасаған болатын. Маман Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Коронавирус. 2744 науқас көз жұмды
Түркістан облысының барлық мәслихаттары Ислам Әбішевті босaтуды сұрап, өтініш жазған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу