Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев бірқатар шенеунікті қызметтен босатуға тапсырма берді
Қазақстан Президенті Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қақтығысқа байланысты бірқатар лауазымды тұлғаны қызметтен босату туралы тапсырма берді, деп жазады Oinet.kz порталы 24.kz-ке сілтеме беріп.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Айқымбековті қызметінен алуды тапсырды.