Экс-сенатор: «Заң шығару органымызды балабақшаға айналдыруға болмайды»

Oinet.kz 10-02-2020 969

Әділет министрлігінде саяси партиялар мен сайлау туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Кандидаттардың жас ерекшелігіне қатысты түзету қызу талқыға салынды.

Картинки по запросу

Заң жобасы бойынша партиялық тізім бекітілгенде 29 жасқа дейінгі кандидаттар мен әйелдердің үлесі 30 проценттен кем болмауы тиіс. Мәжіліс пен мәслихат сайлауында да дәл сондай талап сақталуы шарт. Алайда мандаттарды партияның өзі таратады.

Әділет министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы, экс-сенатор Серік Ақылбай кандидаттардың жас ерекшелігін 35 жасқа дейін көтеру керек деп санайды. Себебі 29 жасқа дейін олар қажетті өмірлік тәжірибе жинап үлгермейді.

"Мен өзім судья болдым, бұрынғы сенатормын. Әріптестер дұрыс айтады, мәжілісте, әсіресе, сенатта өмірлік тәжірибесі бар адамдар отыру тиіс. Неге біз 29 жасқа қадалып қалдық? Нақты негіз де жоқ. Осы мәселеге жүйелі түрде қарау қажет. Мәселен, мәжілісте отырған 29 жастағы бала халықпен кездесті дейік. Ал оның барлық сұраққа жауап беруге тәжірибесі жете ме? Мен өзім 60 жасымда барлық сұраққа жауап бере алмадым. Меніңше, біздің заң шығару органымызды балабақшаға айналдыруға болмайды. Жас ерекшелігін 35 жасқа дейін көтерген дұрыс", - дейді Ақылбай.

Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев бірқатар шенеунікті қызметтен босатуға тапсырма берді
Bek Air ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу