Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі қызметіне келген Қанат Бозымбаев Үкіметтің қаулысымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді. Бозымбаев кеңестің құрамындағы премьер-минстр Асқар Маминді алмастырды. Қаулыға сәйкес Мамин мен президенттің тағы бір көмекшісі Тимур Сүлейменов кеңес мүшелігінен шығып қалды.
ҚазТАГ құпия дерекөздеріне сүйене отырып жақын арада Бозымбаевтың «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басшылығына келуі мүмкін деген болжам жасапты.
Қазіргі уақытта аталған қордың басқарма төрағасы қызметін Ахметжан Есімовтың атқаратыны белгілі.