Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. Қ.Қасымовтың Ішкі істер министрі қызметін ұзақ жылдар атқарғаны белгілі. Былтыр ақпанда ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметіне тағайындалған еді. Наурызда Елбасының отставкіге кеткені белгілі. Осыдан кейін Қасымов қос президентке қатар қызмет етуге көшкен тәрізді. Ол ресми лауазымы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі, сонымен бірге Тұңғыш президент, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың хатшысы қызметін қоса атқарып келген еді. Енді Қасымов тікелей Тоқаевқа бағынатын ететін органның басшылығына келді. Бұл тағайындаудың астарында не бар?
Айта кетері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі - күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірегей кешен болып саналады. Ол 2014 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің және Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қосылуы арқылы қайта құрылуы негізінде жаңа мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі қалыптасты.
Сондай-ақ, президенттің өкімімен Әнуар Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды.
Ал Әзімхан Жүсіпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.