Ким Чен Ын өзінің жездесі Чан Сон Тхэканы пулеметпен атып өлтіртті

Oinet.kz 14-01-2014 955

Әлемдегі ең жас мемлекет басшысы, таққа отырар кезінде «Ұлы мұрагер» деп жарияланған, билік басына келген екі жыл көлемінде «Жарық жұлдыз», «Таңғажайып жолдас», ал әскери салада маршал «Данышпандардың данышпаны» деген атақ алып үлгерген Солтүстік Кореяның көсемі Ким Чен Ын өзінің жездесін, елдегі ең ықпалды адам, «сұр кардинал» Чан Сон Тхэканы тұтқынға алдыртқаны белгілі. Бейшараға абыройсыз жаза бұйырды. Жуырда солтүстіккореялық ресми ақпарат құралдары оған қатысты ату жазасының орындалғанын мәлім етті. Чанды жендеттер пулеметпен атып өлтіріпті. 

929a59cd35c829a1809370ef415b68c9.jpg

67 жастағы сұр кардинал мемлекеттік төқкеріс жасамақ болды және жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталған болатын. 

- Билікте оң-солын танып үлгермеген жас билеуші мұны ел арасында үрей туғызу үшін, халықты өзіне көзсіз бағындыру үшін жасап отыр. Оның әкесімен жасты адамға көрсеткен қатыгездігі сөз жоқ, қоғамдағы саяси-психологиялық прблемаларды туындатады,--дейді сарапшылар.

Ал, Солтүстік Кореяның ресми ақпаратында Чан Сон Тхэні халықтың қалауымен «ит өліммен» жазаланғандығы айтылыпты.

«Каддафи жақсы жігіт еді»
Михаил Саакашвили: «Мен түп-тамырыма қайта оралдым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу